Балалардың пневмонияға шалдығуы 14 пайызға төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың пневмонияға шалдығуы 14 пайызға төмендеді

30.09.2014
Балалардың пневмонияға шалдығуы 14 пайызға төмендеді

Балалар арасындағы ауруларды емдеу технологиясын енгізудің арқасында пневмония оқиғаларының саны 14 пайызға төмендеген. Ал, нәрестелерді 6 айға дейін емізу көрсеткіші 84 пайызды құраған. Бұл туралы Медициналық жәрдемді ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Мағрипа Ембергенова мәлімдеді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша баланы күту стандарттарын енгізудің нәтижесінде аутизм және психомоторлық дамудың кідіруі сияқты ауруларды диагностикалау жақсарғанын, балалар стационарларының барлық қабылдау бөлімдерінде ауыр науқастарды іріктеу және оларға шұғыл медициналық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған», - дейді Мағрипа Ембергенова.

ortcom.kz

Хабарламаларға жазылу