Ақтөбеде 29 қыркүйектен бастап «Рамазан» ЖШС-ның өнімі — бір бөлке нанның бағасы 5 теңгеге өсті. Жоғарыда аталған кәсіпорынның директоры бұның сырын жанармай құнының артуы мен биылғы қуаңшылықпен байланыстырып отыр, деп хабарлайды aktobegazeti.kz.
"Дүйсенбіден бастап 1-сұрыпты әлеуметтік нанның бағасын 5 теңгеге көтердік. Енді біз оны ірі дүкендерге бұрынғыдай 42 теңгеге емес, 47 теңгеге сататын боламыз. Солай болған күннің өзінде бұл мекеменің барлық шығынын өтемейді", — деді «Рамазан» ЖШС директоры Орынбасар Мусин.