![Джошуа Белл Вашингтон метросында концерт өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41121.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әйгілі америкалық скипкашы Джошуа Белл Вашингтонның Union Station метро станциясында концерт өткізді. Мақсат – қарапайым халықты музыкаға баулу.
«Музыка – әрбір жанның өмірінің бір бөлшегі. Ол бізді жақсарта түседі», - дейді скрипкашы.
30 минуттық концертте Беллдің «Бах» атты жаңа альбомы да таныстырылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Айта кетейік, Джошуа Белл 4 жасынан бастап музыкаға әуес болған. 14 жасында Филадельфия окрестірінде өнер көрсеткен ол Эвер Фишер, Grammy жүлделерінің иегері. Бұған дейін оның 35 альбомы жарық көрген.
Фото: stradivari.livejournal.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Джошуа Белл Вашингтон метросында концерт өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/90806/)