Щучинск-Бурабай демалыс аймағын дамыту үшін Бурабай ауданында өңірдің инфрақұрылымын жақсарту бойынша іргелі жобалар іске асырылуда.
Ақмола облысы әкімдігінің хабарлауынша, бүгінде Бурабай ауданында жалпы құны 2 617 миллион теңге болатын кәріз жүйесін тазарту құрылғыларының құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, 2 390 миллион теңгенің қазандығы салынуда. Нысан 2015 жылдың қазан айында пайдалануға берілмек.
Сондай-ақ, Щучинск қаласында 1 миллиард 300 миллион теңгенің 900 балаға арналған мектеп құрылысы да жоспарда тұр. Мектеп келесі жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі.