Керекуде «Құқықтық білім беру мектебі» жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Керекуде «Құқықтық білім беру мектебі» жұмысын бастады

01.10.2014
Керекуде «Құқықтық білім беру мектебі» жұмысын бастады

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы жанында ашылған «Құқықтық білім беру мектебі» жұмысын бастады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Мектепте тәжірибелі сарапшылар құқықтық саладағы білімдерімен бөлісіп, бизнесті сауатты жүргізу жолдарына бағыт беретін ерекше алаңға айналады.

"Құқықтық білім беру мектебі заң нормаларын түсіндіру арқылы кәсіпкерлер мәселелерін шешуге жол ашады. Барлық оқыту процесі бизнестің қажеттілігіне қарай құрылатын болады. Біз кәсіпкерлер жиі көтеретін мәселелерін айқындап, білікті мамандары шақырып, кәсіпкерлер үшін толық әрі тиімді ақпаратты ұсынбақпыз", - дейді облыстық палатаның бөлім басшысы Александр Ноярников.

Аталмыш мектептегі алғашқы сабақ барысында экологияға қатысты мәселелер талқыланды. Облыстық Экологиялық департамент мамандары санаттар бойынша нысандарға экологиялық сараптама жасау рәсімін толықтай түсіндірді.

Тағы бір түсініктемені қажет еткен мәселе ретінде кәсіпкерлер объектілердің санитарлық қорғау зоналарын белгілеу мүмкін болмаған жағдайдағы іс-әрекеттер болып табылады.

Хабарламаларға жазылу