Алматыда жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Қажетті құжаттарға бүгін қала әкімі Ахметжан Есімов қол қойды. Бұл туралы қала шаруашылығының 2014-2015 жылдар маусымына арналған жиналыс кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Ауа температурасы орташа есеппен +8 болса да биылғы жылыту маусымы 15 қазанда басталады. Денсаулық сақтау және білім беру нысандарында одан да ертерек беріледі», - деді қала әкімі.
Бүгінгі таңда электр қоры мен инженерлік желілердің дайындығы 100 пайыз.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының техникалық жабдықталуы да 100 пайыз дайын.