Елбасы Кендірлі аймағын дамыту бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Кендірлі аймағын дамыту бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды

01.10.2014
Елбасы Кендірлі аймағын дамыту бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына барған жұмыс сапары аясында Кендірлі аймағын және басқа да тартымды аудандарды дамыту бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды, деп хабарлайлы strategy2050.kz.

Осыған орай Мемлекет басшысы логистика, транзит, сервистік қызмет және туризмді дамытудың қажеттілігін айтты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев облыстың аумағы шөлейтті өңірге жататынына, бұл ауыл шаруашылығын жүргізуді қиындататынына да тоқталды.

«Облыс жылына 20 мың тонна ет тұтынады, ал өндіретіні 5,5 мың тонна ғана. Өңірде жылына 500 тонна балық ауланады, ал сұраныс – 5 мың тонна. Бұл ретте көрші Атырау облысы көкөніс, жеміс-жидек және етті қоса қамтығанда, барлық қажетті өнімдермен өзін өзі қамтамасыз етіп отыр. Өңірдегі аграрлық саланы даму мәселелерін кешенді түрде шешу қажет, бұған шағын және орта бизнестің өкілдері атсалысуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы. 

Айта кетейік, Елбасы жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, өңір жұртшылығы және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. 

Хабарламаларға жазылу