Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорданы жылумен және электр энергиясымен қамтитын кәсіпорындарды аралады. Бұл туралы astana.kz. сайты хабарлайды.
Қала әкімі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасына қатысушы тұрғын үйлердің бірінде болды.
Қазіргі кезде үйдің төбесі, қасбеті, кіреберістері мен жертөлелері күрделі жөндеуден өткізіліп, инженерлік желілері ауыстырылып, нәтижесінде, тұрғын үйдің келбеті түбегейлі өзгеріп, кіреберістерінің жағдайы жақсарған.
Қазіргі уақытта ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында елордада 20 көппәтері тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.
Сондай-ақ, келесі жылы бағдарлама аясында күрделі жөндеу жүргізуге 31 тұрғын үй өтінім берген.
Сурет: astana.gov.kz.