Журналистік білім беруге қатысты конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистік білім беруге қатысты конференция өтеді

03.10.2014
Журналистік білім беруге қатысты конференция өтеді

Бүгін сағат 10.00-де Еуразия Ұлттық университетінде «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында журналистік білім берудің бүгіні мен болашағы»  тақырыбында конференция өтеді.

Осыған орай филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Журналистика саласында білім беріп жүрген қазақстандық және шетелдік мамандардың басын қосып, халықаралық конференция өткізу жоспарланған. Оған алыс-жақын шетелден ғалымдар келіп отыр. Сондай-ақ, елімізде журналистика саласы бойынша маман дайындап жүрген жетекші профессорлар келеді»,-дейді доцент.

Елімізде журналист мамандар даярлау ісі қандай деңгейде? Бұл сауалға Қайрат Сақ былайша жауап берді: «Біз Тәуелсіздік алғаннан кейін үлкен мұраттарымызды айқындадық. Демократиялық құндылықтарға қарап қадам басып келе жатырмыз. Құқықтық мемлекет орнатамыз деп жатырмыз. Осының бәрі журналистикаға да үлкен мақсаттар қояды.

Бізде республика бойынша журналистерді даярлайтын 25 жоғары оқу орны бар. Бұл көптеу, әрине. Кезінде  Кеңес заманында бір ғана оқу орнында дайындалатын.  Қазір бәсеке заманы. Бәсекеде қай жоғары оқу орны ұтқыр болады, сол озады деген уәж бар. Журналистика дамыды. Қазір ақпарат ғасыры. Ақпараттық технология да қарқынды дамуда. Осының арқасында жаңа медиа пайда болды. Мұның бәріне маман даярлау өте өзекті мәселе. Осы бағытта үлкен ілгерілеу бар»,- дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу