Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты оқушылар арасында айтыс өтті. Мақсат – жас ақындардың дарынын анықтау, шығармашылық қабілетін дамыту, тілді құрметтеп, отансүйгіштікке тәрбиелеу, шешендік өнерге баулу, деп хабарлайды zhaikpress.kz.
Айтысқа жанары ұшқын шашқан 6 жас ақын қатысты. Бас жүлдені Данияр Нысанғалиев жеңіп алды. Ал, Мәрлен Ғилымханов І орынды, Азамат Бақиев ІІ орынды иеленді. Барлық қатысушыға арнайы алғысхат пен сыйлықтар табыс етілді.