Астанада ертең Ақтөбе және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ертең Ақтөбе және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

03.10.2014
Астанада ертең Ақтөбе және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алдымыздағы демалыс күндері Астанада Ақтөбе және Қарағанды облыстарының дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Ақтөбелік ауылшаруашылық тауар өндірушілері 900 тоннаға жуық сүт өнімін, 30 тонна ет, 20 тонна көкөніс әкеледі. Жәрмеңкеде аймақтан келген 52 шаруашылық қатысады, соның жартысынан жоғары ірі және шағын агробизнес шаруашылықтары «ҚазАгро» холдингінің қаржылық қолдауының арқасында құрылған, деп хабарлады Қазақпарат.

Айта кетейік, «ҚазАгро» холдингінің Ақтөбе облысы бойынша инвестициялық қоржынында 17,5 миллиард теңге сомасында 20 жоба бар. Бұлар ірі сүт өнімін өндіретін фермалар, заманауи жылыжай кешендері, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, қайта өңдеу кәсіпорындары және т.б. өндірістік маңызы бар нысандар. Аймақта бүгінде 14 инвестициялық жоба өндіріске қосылды. Осыған орай 636 маман жұмыспен қамтылды.

Қарағанды облысының агроөндірістік кешенін дамытуға «ҚазАгро»  ұлттық холдингі 2014 жылдың басынан 8,3 миллиард теңге бағыттаған. Қарағанды облысы бойынша холдингтің инвестициялық қоржынында 20,6 миллиард теңге сомасында 24 инвестициялық жоба бар. Оның бүгінгі күні 16 жобасы пайдалануға берілді.

Хабарламаларға жазылу