Жаңа Infiniti Q80 көлігі таныстырылды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Infiniti Q80 көлігі таныстырылды (ФОТО)

03.10.2014
Жаңа Infiniti Q80 көлігі таныстырылды (ФОТО)

Париждегі Халықаралық көлік салонында жапониялық концери жаңа бағыттағы Infiniti Q80 Inspiration көлігін таныстырды. Жаңа үлгідегі көлікке кардиналдық өзгерістерді моторлы үйлесімде негіздеген.

«Төрт есікті жаңа көлік әлі толық жасалып біткен жоқ. Аздаған өзгеріс енгізетін тұстары бар. Дегенмен, Porsche Panamera көлігіне лайықты қарсылас бола алады», - дейді Infiniti автокомпаниясының вице-президенті Франсуа Банкон.

Жаңа көліктің ұзындығы 5 метр, ені 2 метрді құрайды. Сондай-ақ, көлікте 4 жолаушыға арналған орын бар. 

Хабарламаларға жазылу