«Бек Эйр» авиакомпаниясы Моңғолияға рейс ашпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бек Эйр» авиакомпаниясы Моңғолияға рейс ашпақ

03.10.2014
«Бек Эйр» авиакомпаниясы Моңғолияға рейс ашпақ

Қазақстандық «Бек Эйр» авиакомпаниясы 4 қазаннан бастап Астана – Өскемен – Бай Өлке (Моңғолия) бағытында алғашқы рейс жасауды жоспарлауда, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігі.

Бастапқы кезеңде аптасына бір рейс жасалатын болады. Жолаушы және жүк ағынының ұлғаюына қарай рейстің жиілігі артатын болады.

«Біз Қазақстан мен қазақ диаспорасы көп Моңғолия арасын тікелей авиация қатынасы арқылы байланыстыру жөнінде екі жыл бойы келіссөз жүргіздік. Осы жылғы мамыр айында меморандумға қол қойылды. Бұл бастаманы қазақстандық авиакомпаниялар, оның ішінде «Бек Эйр» тарапынан қолдау тапқанына аса қуаныштымыз. Бұл авиакомпания 4 қазаннан бастап аталмыш бағытта ұша бастайды», - деді ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев.

Хабарламаларға жазылу