Қарағанды облыстық орталық мешіттің ауласында Құрбан айт мейрамына орай шара өтті. Онда арнайы киіз үй тігіліп, халыққа ас берілді. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық ойындары - қазақша күрес, арқан тарту, асық ату т.б ойнатылды.
Шара соңында ұлттық ойындарды жаңғыртуға атсалысқандарға қаржылай және түрлі сыйлық тапсырылды.
Ал, қазанның 4-і күні айт намазынан соң құрбандық шалынады. Бұл туралы Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.