Қарқаралы тарихы – тереңнен тамыр тартқан таусылмас жыр, сарқылмас сыр. Қарқаралы шежіресі мәңгілік мөлдір махаббат жәдігері «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында, белгілі «Сұлушаш» дастанында жарқын жырланып, ұрпақтан ұрпаққа ұлағат үлгісін дарытып келеді.
Қарқаралыда тарихи орындар мен ескерткіштер көп. Абай үйі, Құнанбай қажы мешіті, көпестер Рязенцев және Бекметовтың ескі ғимараттары, Мәди Бапиұлының жерленген жері, Қазақстандағы жалғыз мемориалдық кешені «78 коммунарлардың жерленген жері», 5 мың экспонат қойылған тарихи-өлкетану мұражайы осында.
Бүгін 15.55-те «Мәлім де беймәлім Қазақстан» хабарын көріңіз.