«А-Студио» және Алматы симфониялық оркестрі Мәскеуде өнер көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«А-Студио» және Алматы симфониялық оркестрі Мәскеуде өнер көрсетеді

05.10.2014
«А-Студио» және Алматы симфониялық оркестрі Мәскеуде өнер көрсетеді

25 қазан күні «А-Студио» тобы мен Алматы симфониялық оркестрі Symphony'A жобасы аясында Мәскеудегі Crocus City Hall сахнасында өнер көрсетеді. Бұл туралы мәскеулік ірі концерт залдары бірінің сайтында хабарланды, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

Symphony'A бағдарламасы алғаш рет Алматыда 2014 жылдың сәуір айында  «Достастықтың мәдени астаналары» мемлекетаралық бағдарламасында таныстырылды.

«Біздің бұл жоспарымыз Мәскеумен және Алматымен шектеліп қалмайды. Келесі жылы да біз осындай бағдарламамен басқа да қалаларда концерт береміз. Бұл жобаға жергілікті оркестрлерді де тартамыз. Бұл әдеттегіден өте әдемі шоу болмақ. Біздің серпінді хиттарымыз мүлдем жаңаша естілетін болады», деді Байғали Серкебаев.

Хабарламаларға жазылу