Акробатика өнерінде Қазақстанның атын шығарып жүрген азамат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Акробатика өнерінде Қазақстанның атын шығарып жүрген азамат

06.10.2014
Акробатика өнерінде Қазақстанның атын шығарып жүрген азамат

Цирк өнері – екінің біріне жалын ұстата бермейтін асау өнердің  бірі. Дегенмен, шын қалаған, осы жолда тер төккен өнерпаздар цирк  саласында да жарқырай көрініп жүр.

Батыр Құралбайұлы бала күнінен биікке секіруге, брейк билеуге, күрделі жаттығу жасауға құмар болды. Соның арқасында акробатика жанрын жылдам меңгерді. Осы сала бойынша арнайы оқыған акробат «кез келген жанрдың қыр-сырын жетік білу үшін білім қажет. Мысалға акробатикадағы жаттығуларды  жасағанда, геометрияның қағидаларын есте ұстаған дұрыс», -дейді ол.

«Алғаш келгенде адамдар қолын, аяғын сындырады. Бірақ, емделіп болған соң, беті қайтпайды, тағы келеді. Өзіне мойындатқысы келеді.  Ұстаздар бізге бастысын үйретеді. Ал одан кейін біз өзіміз алып кетеміз. Халыққа қазір жаңалық керек. Біз домбыра, ән, акробатиканы қосып, бір бағытта жаттығу жасағымыз  келеді»,-дейді акробат.

Акробатикадағы әр жаттығуды меңгеру үшін жылдар кетеді. Бойындағы бар қабілетін тиімді пайдалана білген Батыр өзіндік рекорд жасауды ойластыруда. Оның бүк түсіп отырған 11 адамның үстінен оңай секіріп өтуі дүниежүзі үшін ерекше жаңалық болды.

«Алдыма мақсат қойдым, неге Қазақстаннан да осы жанрда атағы шыққан адам жоқ? Сөйтіп, циркте мен 11 адамның үстінен секірдім»,-дейді Батыр.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу