Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр жауып, қар түседі. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы хабарлады.
«Қазақстан аумағы арқылы өтетін суық арктикалық фронттардың әсерінен елдің біраз жерінде жаңбыр жауады, соңы қарға ұласады. Солтүстік екпінді жел тұрады және температура түнде 0-8º дейін аяз, оңтүстікте +5 – -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Осындай температура осы кезеңге қалыпты температурадан 3-7 градус төмен. Республиканың тек батыс облыстарында антициклонның ықпалымен орташа көпжылғы температура шамасында және одан 1-3 градус жоғары температурамен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі»,-делінген хабарламада.