«Қазақ елім-жасыл жерім» атты жастардың экологиялық көпірі басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақ елім-жасыл жерім» атты жастардың экологиялық көпірі басталады

07.10.2014
«Қазақ елім-жасыл жерім» атты жастардың экологиялық көпірі басталады

10 қазанда «Қазақ елім-жасыл жерім» атты жастардың экологиялық көпірі басталады. Шараның мақсаты - Қазақстанда Әлия Назарбаеваның «Жандану» экологиялық жобасы мен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасын жүзеге асыру.

Экологиялық көпір еліміздің жастары мен оқушыларының басын біріктіреді. Оның басты мақсаты – жастар мен жас қазақстандықтарды экологиялық проблемаларды шешуге шақыру, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру кезінде заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану.

Кездесуде адамның әлеммен, өзімен және қоршаған ортамен келісім ішінде қалай өмір сүру керектігі, «Жер ресурстарын сақтап қалу үшін өз қажеттіліктеріңді қалай басқару керектігі?» туралы мәселелер қамтылады.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу