BRT автобустары жолаушыларға қолайлы болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

BRT автобустары жолаушыларға қолайлы болмақ

07.10.2014
BRT автобустары жолаушыларға қолайлы болмақ

Қазіргі кезде Астанада BRT жобасын (жылдам жүретін автобустардың жаңа жүйесі) жүзеге асыру қолға алынды. Бүгінде жұмыс көлемінің 20% орындалды. Келер жылы станциялардың бір бөлігі іске қосылады. 

Жоспарға сәйкес, автобустар арнайы бөлінген жолақтармен жүреді, бұл жылдамдықты айтарлықтай арттыруға жол береді. Автобустарды техникалық жабдықтау жолаушыларға қосымша қолайлы жағдай жасамақ. Онда қысқы топтама толық қарастырылған. Мысалы, электр қыздырғышы бар шыны, жылытылатын еден. Сондай-ақ, жылыту, желдету және ауа баптағыш жүйелер де орнатылады. Автобустарда қысылып қалудан қорғайтын жүйе, бейнебақылау, ақпараттандыру және жолаушыларды санау жүйелері, заманауи навигация болады, WiFi мен LED-дисплейлердің де болуы қарастырылған.

Жаңа қоғамдық көлік түрінде жолаушылардың әр санаты үшін қажетті жағдай жасалады. Жалпы алғанда, техникалық сипаттамаларға сәйкес автобус 155 адамға есептелген. Соның ішінде 25 отыратын орын, көзі нашар көретін жандарға арналған орындар мен арбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұтқалар мен белдіктері бар арнайы орындар жасалады.

Хабарламаларға жазылу