![Бітімгершілік оқу-жаттығуына 150 әскери қызметші қатысуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_41460.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Германияда өтіп жатқан «Дала қыраны-2014» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуына 150 әскери қызметші қатысуда. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды
«Дала қыраны-2014» оқу-жаттығуының басты мақсаты - бітімгершілік бөлімшелерінің НАТО-ға қатысушы елдер әскери контингенттерімен үйлесімділігі мен өзара іс-қимылын пысықтау.
12-ші рет өтіп жатқан «Дала қыраны» оқу-жаттығуына Тәжікстан, Қырғыз Республикасы, АҚШ, Германия мен Ұлыбритания қатысуда.
Бұл бітімгершілік оқу-жаттығуы тұңғыш рет 2003 жылы ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің «Іле» оқу-жаттығу орталығында өткізілген болатын.
Сурет: strategy2050.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бітімгершілік оқу-жаттығуына 150 әскери қызметші қатысуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/91145/)