Мүмкіндігі шектеулі жандарға бір реттік материалдық көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға бір реттік материалдық көмек көрсетіледі

08.10.2014
Мүмкіндігі шектеулі жандарға бір реттік материалдық көмек көрсетіледі

Қазақстанда жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде Мүгедектер күні атап өтіледі. Атаулы күнге орай елордада мүмкіндігі шектеулі жандарға бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, биыл мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 14 мың адамға беріледі.

Астанада Мүгедектер күнін атап өту барысында ұйымдар мен кәсіпорындарда 15-ке жуық түрлі іс-шара ұйымдастырылады.

Мүгедек балалар «Думан», «Мега», «Хан шатыр», «Керуен» және «Азия парк» сауда, ойын-сауық кешендерінде аттракциондарға барып, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан өзара шеберлік сынасады.

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрына экскурсия, «Жүректен жүрекке» мерекелік іс-шарасы өтедеі.

Сондай-ақ, арбамен жүретін мүгедектердің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылады.

 

Хабарламаларға жазылу