Бейнелеу өнерінің саласы көп. Соның ішінде қабырғаларға түрлі бояғышпен сурет салу – граффити өнері. Әсіресе, граффити ертедегі халықтардың тілін зерттеу үшін полиграфия ғылыми үшін маңызды болған екен.
Ержан Танай мен Әли Зәкір граффити стилінде сурет салады. Қолтаңбалары қалыптасып келе жатқан өнерпаздар бояуы қанық түстерді ұнатады. Кескіндемеші мамандығын бітірген жаңашыл жастардың мақсаты – қаланың көркін келтіру. Көңілге қонымды, мағыналы еңбектер жасап, қоғамдық санаға әсер ету.
«Кенепке салынған суретті әркім көре бермейді. Көрмеге де бәрі келе бермеуі мүмкін. Ал даладағы өнерді әр өткен адам көреді. Көргісі келсін-келмесін бәрібір байқайды. Оның үстіне мынадай сөз емес пе, «егер көрмеге адам келмесе, өнер далаға өзі шығады», деген»,-дейді Ержан Танай.
«Street art» өнері 60-шы жылдары АҚШ-та пайда болған. Әлеуметтік ойларын шығармашылық жолмен жеткізуге ұмтылған жастар метро вагондары мен ғимараттардың қабырғаларына әртүрлі сурет салған. Ал, 70-ші жылдардың ортасында граффити Батыста кең тарады. Біздің елімізде енді-енді жанданып келеді.
Граффити өнерінің ерекшелігін «Таңшолпаннан» көре аласыздар.