Оңтүстік Кореяда Азия ойындарынан кейін 7 спортшы жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда Азия ойындарынан кейін 7 спортшы жоғалып кетті

09.10.2014
Оңтүстік Кореяда Азия ойындарынан кейін 7 спортшы жоғалып кетті

Оңтүстік Кореяда сенбі күні Инчхонда аяқталған Азия ойындарынан кейін жоғалып кеткен жеті спортшы мен бір репортер іздестірілуде, деп жазады шетелдік БАҚ.

Полиция Непалдан үш спортшыны, Шри-Ланкадан екі, Бангладеш пен Палестинадан бір-бір спортшыдан, сонымен бірге, Пәкістан телеарнасының репортерін іздестіріп жатыр.

Полицияның болжамынша, олар заңсыз түрде жұмысқа орналасқан болуы мүмкін. Сол себепті жұмысшы мигранттар көп тұратын сол маңдағы Ансан қаласында іздестіру жүргізілуде.

ҚазАқпарат 

Хабарламаларға жазылу