Әскер қатарына қабылданатын азаматтардың басым бөлігі - майтабан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскер қатарына қабылданатын азаматтардың басым бөлігі - майтабан

09.10.2014
Әскер қатарына қабылданатын азаматтардың басым бөлігі - майтабан

Елімізде әскер қатарына шақыртудың күзгі науқаны басталғаны белгілі. Павлодар облысынан 636 жас азамат әскерге қабылданады деп күтілуде, деп хабарлайды «Сарырақа самалы» газеті.

Павлодар облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығы Александр Ильиновтың айтуынша, "осы жылғы қазанның бірінен бастап, Қазақстанның Қарулы Күштерінің бөлімдері мен құрамаларын сарбаздармен жасақтау жөніндегі медициналық және шақыру комиссиялары жұмысын бастады".

Дәрігер мамандардың айтуынша, әскерге шақырылған жігіттердің 40 пайызының денсаулығында түрлі ақау бар. Олардың басым бөлігі - майтабан және жүрек ауруына шалдыққан.

 

Хабарламаларға жазылу