Галина Горбатенко – ұстаз. Қазақ мектебінде орыс тілінен сабақ береді. Ол өзгелер сияқты үлкен қалаға ұмтылмады. Ол қарапайым ауыл балаларына білім мен тәлім беруді мақсат тұтты. Сол бағытынан әлі де айнымасы анық.
Өз басының қамын күйттемей, шәкірттеріне білгенін үйретумен келе жатқан Галина ұстаз бүгін «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасында. Ұлттық арнадан сағат 14.00-де көре аласыздар.