Машина жасаушылар форумында төрт меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Машина жасаушылар форумында төрт меморандумға қол қойылды

09.10.2014
Машина жасаушылар форумында төрт меморандумға қол қойылды

Қазақстан машина жасаушылары форумының алғашқы күні автомобиль жасау саласы бойынша 4 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

«СарыарқаАвтоПром» компаниясы «Новлайн» және «РОСТАР» ҒӨБ-мен, ал «АгромашХолдинг» болса «СИБЕКО» компаниялар тобы және Geely автомобиль шығарушылармен меморандумға қол қойды.

Бірінші -  «СарыарқаАвтоПром» және «Новлайн» компаниялары арасындағы меморандум. Оған қол қоюдың мақсаты – келешекте автомобиль құрастыру кәсіпорынында жеңіл автомобильдерде жиынтықтаушы ретінде және сатылғаннан кейінгі қызмет көрсету.

Екінші -  «СарыарқаАвтоПром» және «РОСТАР» арасындағы меморандум. Бұл меморандумның мақсаты жүк автомобильдерінің салпыншағының автокомпоненттерінің тәжірибелік және сериялық үлгілерін жасау.

Үшінші - «АгромашХолдинг» және «СИБЕКО» компаниялары тобы арасындағы меморандум. Бұл құжат «АгромашХолдингінің» өндіріс алаңдарында шығарылатын автомобильдердің автокомпоненттерін, атап айтқанда, отырғыштар, қауіпсіздік белдіктері, люктер, есік құлыптарын өндіру.

Төртінші - «АгромашХолдинг» өндіріс алаңы және  Geely бренділі автомобильдерін шығарушылар арасындағы Қостанай зауытының базасында Geely жеңіл автомобильдерін СКD (ұсақтораптық жинау) тәсілімен шығаруды бастау туралы меморандум.

Хабарламаларға жазылу