22-24 қазанда «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында әйгілі итальяндық композитор Джузеппе Вердидің (1813-1901) «Травиата» операсының премьерасы өтеді. Бұл туралы театрдың ресми сайтында жарияланған.
22, 24 қазанда басты партияларды танымал шетелдік әншілер, әлемдегі Верди операларының үздік орындаушылары Виолетта – Ирина Лунгу (Ресей), Альфред – Винченцо Костанцо (Италия),Жермон – Симоне Пьяццола (Италия). Дирижеры – арнайы шақырылған дирижер, маэстро Франческо ИванЧампа (Италия) орындайды.
Ал, 23 қазанда – сахнада «Астана Опера» жетекші солистері орындайды.
«Травиата» операсының сюжеті Александр Дюманың (кіші) «Камелия ұстаған ханым» романынан алынған. Либретто авторы - Франческо Мария Пьяве.
Шығарма итальян тілінде орындалады.