Жапонияның Осака қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде бүгін қазақстандық Зарина Диас хорватиялық Ана Конюхпен кортқа шықты.
Зарина А.Конюхтан бірінші партияда 6:7 есебімен жеңілгенімен, қалған екеуін (6:4, 6:2) ұтып, жартылай финалға шықты.
Зарина Диас енді соңғы сын - финалға шығу үшін Таиланд елінің өкілі Луксика Кумкхуммен кездеседі. Ширек финалдағы оның қарсыласы, осы турнирдің екінші ракеткасы, америкалық Мэдисон Кис 2:6, 3:4 есебімен жеңіліп жатып, кездесуді жалғастырудан бас тартты.