Мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері несиелерін 10 пайызға дейін арзандатады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«Биыл мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелерін арзандатуда. Мемлекеттік субсидиялар ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын алуға бағытталған лизинг пен аграрлық саладағы өндірісті дамыту үшін алынған ақшалай несиелерге төленеді. Мемлекеттік қолдаудың бұл түрі «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында бекітілген», делінген ҚР АШМ ұсынған мәліметте.
Бірінші кезекте, фермерлердің етті және сүтті мал, қой шаруашылығы салаларындағы, бақша шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы бизнесін дамытуға, сонымен қатар, аталған салалар үшін лизингке алынған техника мен жабдықтар субсидиялауға жатады.
Жалпы аграрлық өндірістің барлық бағыттары бойынша алынған несиелер арзандатылады.