Ақын Қонысбай Әбілдің алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүрген кезінде-ақ республикалық газет-журналдарда жарияланған. Кейін келе Қазақстанның Халық ақындары Көкен Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, т.б. суырып салма саңлақтармен сөз сайыстарына түседі.
1990 жылы Ташкент қаласында Балқы Базардың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орталық Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болып, осы жылғы республикалық ІІІ ақындар айтысында жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық айтыстарда, телевизиялық айтыстарда сан мәрте топ жарды.
Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстанның халық ақыны» атағына ие болды.
Бүгін 16.50-де Ұлттық арнадан ақын Қонысбай Әбілдің «Тұяғымын тұлпардың» атты шығармашылық кешін көріңіз.