Дәстүрлі ән зерттеушісі Ерлан Төлеутай Жетісу өңірінде дәстүрлі ән өнері XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қана қалыптаса бастағанын айтады. Оған дейін бұл өңірде жыр-терме айту, айтыс өнері дамып келген.
Алайда Жетісу өңірінің дәстүрлі ән өнерін зерттеп жүрген Сағатбек Медеубеков: «Ән өнері оған дейін де болған. Бірақ бізге жеткені сол XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қана», дейді.
Жетісу өңірінің әндері несімен ерекшеленеді? Бүгін 18.30-да «Ғасырлар үні» деректі фильмінен Жетісу жауһарлары туралы біле аласыздар.