«Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан өрт қауіпсіздігі туралы мультфильм көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан өрт қауіпсіздігі туралы мультфильм көрсетіледі

13.10.2014
«Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан өрт қауіпсіздігі туралы мультфильм көрсетіледі

 

Маңғыстаулық құтқарушылар өрт қауіпсіздігі туралы мультипликациялық фильм түсірді, деп хабарлайды lada.kz облыстық  Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департамент баспасөз қызметінің басшысы Гүлнара Ходжабекованың айтуынша, мультфильм кейіпкерлері өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт сөндірушілердің жұмысы туралы баяндайды.

«Біз кішкентай көрермендерге тек  өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаған жағдайда оларды не күтіп тұрғанын көрсетіп қана қоймай, сіріңкемен ойнау, үтікті қосулы күйде ұмытып кеткен жағдайда санаулы секундтарда-ақ пәтер қалай  өртененін көрсеткіміз келеді. Балалар  көрнекі құралдармен жасалған ережелерді жақсы қабылдайды.  Сондықтан біз осындай мультфильм жасауға шешім қабылдадық», - дейді Гүлнара Ходжабекова.

Мультфильм Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстау облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасынан көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу