2015 жылы жас отбасылар үшін 150 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы жас отбасылар үшін 150 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

14.10.2014
2015 жылы жас отбасылар үшін 150 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 2015 жылы жас отбасыларға 150 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған, деп мәлімдеді Алматыда өткен ОКҚ көшпелі брифингінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

 «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «барлық санатқа арналған» бағыты бойынша 350 мың шаршы метер тұрғын үй салу жоспарлануда. Әкімдікпен келісілген келісім бойынша, 440 мың шаршы метр енгізу жоспарланған. Жыл соңына дейін  бұл қызмет жоспар бойынша жүзеге асады, демек, 350 мың шаршы метрден кем түспейді. Сондай-ақ, осы жылы «барлық санатқа арналған» бағыты бойынша 150 мың шаршы метр енгізіледі», - деді А.Жұмағұлов.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі төрағасы атап өткендей, аталмыш бағдарламалар аясында банк 52 млрд теңге бөлді. «Оның ішінде қаржының 70 пайызы тұтынушылардың өз қаражаты, 30 пайыз-бюджеттік қаржы. Бүгінгі таңда банк шаршы метрлерді қосымша сатып алу үшін 150 млрд теңге үстінен бөлуге қауқарлы», - деді ол.

Айта кетейік, «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша банк екі бағытты жүзеге асыруда: жас отбасыларға және барлық санатқа арналған баспана.

А.Жұмағұлов әкімдіктер жер телімдерін беруге, ұйым мен құрылысқа, тендер өткізу, құрылыстың сапасы мен мерзіміне   жауап беретіндігін атап өтті. Ал, банк өз кезегінде, одан әрі қаржыландыруға, барлық бағыт бойынша реттеу, төлемге қабілеттілік пен қаржыландыруға жауапты.

strategy2050.kz

 

Хабарламаларға жазылу