Елордада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

15.10.2014
Елордада Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Алдағы демалыс күндері қалалық әкімдік алдындағы алаңда дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сенбі күні (18 қазанда) елорда тұрғындары мен қонақтарына Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының тауар өндірушілері келеді, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Айта кетейік, өткен демалыста Қарағанды және Ақтөбе облыстары мың тонна өнім әкелген болатын. Жәрмеңкеге шығыс өңірінен 15 ауданның өндірушілері қатысты. Соның ішінде әйгілі шығыс балы астаналықтардың ерекше ықыласын аударды.

Биыл ауылшаруашылық жәрмеңкелері 20 қыркүйекте басталып, 2 қарашаға дейін жалғасады. «Жәрмеңкені өткізудің басты мақсаты - сауда емес, мерекелік көңіл күй мен еліміздің түрлі өңірінде тұрып жатқан қазақстандықтарды біріктіру», - дейді ұйымдастырушылар.

Хабарламаларға жазылу