Бүгін «Астана Опера» театрында Қазақстан Республикасының және Татарстан Республикасының Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаеваның «Өнерім мені шақырады…» атты мейрейтойлық концерті өтеді. Шығармашылығының 30 жылдығына арналған концертте ол еуропалық композиторлардың операларын шырқайды.
30 жыл бойы өнер сахнасында жүрген опера әншісі жеке шығармашылық кешін Астана және Алматы қалаларында өткізеді.
Концертке чех боритоны Филип Банджак, Украинаның халық әртісі Игорь Борко, дирижер Татарстанның халық әртісі Ренат Салаватов қатысады.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.