Ертең Қарағанды қаласы «Сарыарқа» кинотеатрында режиссер Қаршыға Игеннің «Пеш» атты фильмінің тұсаукесер рәсімі өтеді. Фильм режиссері – Марғұлан Уәлиев.
«Не туралы кино түсірген дұрыс деп ойға баттық. Алдымен Сұлтанәлі Балғабаев ағамыздың «Ең әдемі келіншек» атты туындысын кино-сценариге айналдырып, өзгертетін тұстарын өзгертіп, жаңаша көріністер қосып, елеулі дүние жазған болдым», -дейді фильмнің сценарий авторы Алмас Мырзахмет.
«Демеуші іздеуге Болатбек Тоқмырза ағамыз қолдау көрсетті. Бірақ, ешкім табыла қоймады. Сондықтан, ешқандай да шығынсыз, яғни, актерлер де, сценаристте, режиссер де, басқалары да бір тиын ақша алмайтын кино түсіріп көрейік деген шешімге келдік», - деді ол.