«Біздің сүйікті санитар» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Біздің сүйікті санитар»

15.10.2014
«Біздің сүйікті санитар»

Ауыртпалығы таудай, ал алатын алғысы да, айлығы да  мардымсыз мамандықтар қаншама. Олар таңнан қара кешке дейін бел жазбастан, сауабы мол жұмыс істейді. Олар – қамкөңіл қарттардың көңіліндегісін дөп басқан жандар. Оларды қарттар үйінен, мүгедектер үйінен кездестіреміз. Олар – санитарлар, күтушілер.

Әсіресе, жүйке ауруымен ауыратындарды күтетіндердің жұмысы қиын. Күтушілер жақыны қарамаған  жандарды туғанындай бағып келеді. Жақынынан көрмеген жылулықты жаттан көрген қариялардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың, сәбилердің оларға алғысы шексіз.

Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайды» көріңіз. Бағдарлама қарттар, мүгедектер үйінде ерен еңбек етіп жүрген санитарлар мен күтушілердің өміріне арналады.

Хабарламаларға жазылу