Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоспарлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоспарлануда

15.10.2014
Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоспарлануда

Бүгін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Словак Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Юза Петермен кездесті. Кездесуде министр Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды strategy2050.kz

Министр Тамара Дүйсенова Словакиямен Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ұқсастығын атап өтті және елшіге Қазақстанда (2017 жылдан) міндетті медициналық сақтандыруды және зейнетақы жүйесіндегі реформалардың, оның ішінде шартты – жинақтаушы компонентін (2018 жылдан жұмыс беруші 5 пайыз жарна) енгізілу жоспарланғаны туралы айтты.

Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы өзара іс-әрекетті одан әрі дамыту мүмкіндігін талқылады. Т. Дүйсенова елшіге Словак Республикасының  бизнес-қауымдастығын медициналық университеттердің жанында клиникалық базаларды құруға бағытталған мемлекеттік жекеменшік әріптестік (МЖӘ) жобаларына белсенді қатысуға ұсыныс жасады.

Хабарламаларға жазылу