ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұжымына жаңа директорды таныстырды.
Мемлекет басшысының өкімімен институт директоры болып Ерлан Қарин тағайындалды.
Е.Қарин әр жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі және «Нұр Отан» партиясының хатшысы лауазымдарын атқарды.