2014 жылдың 6 және 19 қазаны аралығында әлемдік сахналардың әйгілі прима-балеринасы, КСРО Еңбегі сіңген әртісі, Ресей Халық әртісі, отандасымыз Алтынай Асылмұратованың «Astana Ballet» шығармашылық ұжымы үшін алғашқы шеберлік сыныптары өтуде, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.
Алматыда дүниеге келген Алтынай Асылмұратова А. Я. Ваганова атындағы Ленинград хореографиялық училищесінің түлегі. Әр жылдары ол С.М.Киров атындағы Ленинград опера және балет театры (қазіргі кездегі Марииндік театр), Лондон Корольдік балет және Марсель балет топтарының бірінші балеринасы мен солисті ретінде өнер көрсеткен.
Екі апта бойы балерина шеберлік сыныптарын өткізумен қатар Анна Павлованың туындысы «Би жаны» хореографиялық қойылымын дайындаумен шұғылдануда.
Бұл Алтынай Асылмұратованың қазақстандық бишілермен бірлесе атқарып жатқан алғашқы жұмысы. «Astana Ballet» ұжымы үшін әйгілі приманың келуі – тарихи оқиға.