«Әлем Барысы». Кот-д'Ивуар мемлекетінен келетін палуанның есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем Барысы». Кот-д'Ивуар мемлекетінен келетін палуанның есімі белгілі болды

16.10.2014
«Әлем Барысы». Кот-д'Ивуар мемлекетінен келетін палуанның есімі белгілі болды

25-қазанда Павлодар қаласында өтетін «Әлем Барысы» халықаралық турниріне сонау Африка құрлығынан да палуандар келмек. «Әлем Барысына» бес құрлықтың ең үздік деген түйе палуандары қатысады. Соның бірі – Кот-д'Ивуар мемлекетінің атынан қатысатын палуан Аспа Анж Филипп.

Туған жылы – 1988 ж.

Жасы – 26.

Бойы – 186 см.

Салмағы – 140 келі.

Жетістіктері:

Дзюдодан 100 келіден жоғары салмақта қатарынан төрт рет Кот-д'Ивуар елінің чемпионы болған (2010 , 2011, 2012 , 2014);

Дзюдодан Габондағы ауыр салмақтағы палуандар арасында өткен турнирде («Phat master») қола жүлдегер атанған;

Маврикийде өткен дэюдодан Африка чемпионатында 5-орын алған.

Хабарламаларға жазылу