Ташкенте дзюдодан әлемдік Гран-При кезеңі (16-18 қазан) басталды.
Жарыстың алғашқы күні 60 келі салмақта татамиге шыққан қазақстандық Ғұмар Қырғызбаев қола жүлдені жеңіп алды. Ол кіші финалда татами иесі Бахром Иноятовты ұтты.
Қазақстандық палуан іріктеу кезеңінде украиналық Денис Биличенко мен мен бразилиялық Диего Сантостан басым түсті. Ширек финалда Франция өкілі Софьян Милоуштан айласын асырғанымен, жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Дийорбек Урозбоевтан сүрінді.
Гран-При. 60 келі.
1. Амартувшин Дашдава (Моңғолия)
2. Дийорбек Урозбоев (Өзбекстан)
3. Ғұмар Қырғызбаев (Қазақстан), Херлен Ганболд (Моңғолия).