Астанада Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

17.10.2014
Астанада Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Атырау облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері Астанада өтетін алдағы жәрмеңкеге 50 тоннадан астам балық әкеледі, деп хабарлайды «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметінен.  

Балық өнімдерінен басқа сатып алушылар үшін 50 тонна көкөніс өнімдері, 20 тонна ет және 3 тоннадан астам шұбат, қымыз және басқа да сүт өнімдері ұсынылады. Сенбілік жәрмеңкеге өз өнімдерін жеткізетін 44 кәсіпорынның жартысынан көбі «ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрамындағы қаржыландыру институттарының көмегімен дамуда.

Атырау облысынан бөлек жәрмеңкеде Батыс Қазақстан облысының агробизнес өкілдері қатысады, облыс аграршылары 15 тоннадан астам ет және ет жартылай фабрикаттарын, 8 тонна балық, 100.000 данадан астам жұмыртқа және басқа өнімдерін ұсынады.

Сондай-ақ, жәрмеңкеде шетелдік нарыққа премиум санатындағы ет экпсорттаушы «Кроун Батыс» ЖШС өнімдері де сатылады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу