29 қазан күні Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақстан журналистикасының бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Онда отандық БАҚ заманауи талаптарға сай дамуы мен модернизациялау мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар, конференцияда талқыға салынатын тақырыптар арасында «Журналистика: кәсіп немесе әлеуметтік миссия ма?», «Қазақстандық медианарықтағы трендтер және дәстүрлер», «Баспа және электронды БАҚ: рейтинг үшін бәсекелестіктегі жаңа технологиялар», «Ғылыми журналистика және коммуникация туралы ғылым: бастамалар мен таяу болашағы», «Болашақтың журналистерін дайындау: Кәсіби стандарт. Медиатехнология. Журналистік этика», «Массмедиа және интеллектуалды құндылықтар» мәселелері бар.
Конференция жұмысына ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің өкілдері, бұқаралық коммуникацияны зерттеуші ғалымдар, БАҚ басшылары, бас редакторлар, журналистер, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.
Шараны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі және «Бас редакторлар клубы» Қоғамдық бірлестігі.
Конференция жұмысының басталуына орай, Ұйымдастыру комитеті бағдарлама және конференцияда жасалған баяндамалар жинағын басып шығаруды жоспарлауда.