20 қазан күні «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ және ҚР Тұңғыш Президенті музейі «Болашақ бүгіннен басталады: EXPO-2017 Астана» атты әдістемелік құралдың презентациясына бағытталған баспасөз мәслихатын өткізеді.
Халықаралық EXPO-2017 көрмесі Қазақстанның тарихындағы жарқын оқиғалардың қатарына енбек. Айтулы шара турасында мектеп оқушыларына ұғынықты тілмен осы әдістемелік құралда жазылған. Мұнда астаналық оқушылар мен студенттердің жобалары жеке тарау ретінде енгізілген. Құралда сондай-ақ, «Астанатану» курсы туралы материалдар да бар.
Баспасөз мәслихатына «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Маркетинг және дамыту департаментінің директоры Әсел Қожақова, ҚР Тұңғыш Президенті музейі директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова және Астана қаласы Білім басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева қатысады.
Фото: expo-2017.kz