«Титаник» кемесіндегі мейрамхана мәзірі 100 мыңға жуық долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Титаник» кемесіндегі мейрамхана мәзірі 100 мыңға жуық долларға сатылды

20.10.2014
«Титаник» кемесіндегі мейрамхана мәзірі 100 мыңға жуық долларға сатылды

XX ғасырдың басында суға кеткен әйгілі «Титаник» кемесінің мейрамхана мәзірі аукционда 60 мың фунтқа (96,5 мың доллар) сатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.  

Ас мәзірінде 12 сәуір күнгі ұсынылатын тағамдар жазылған. Ол «Титаникте» мырза Спенсер отбасына қызметші болып, апат кезінде оның жұбайымен бірге аман қалған француз әйел Элиза Люреттің қалтасында қалған. 

Еске сала кетейік, 1912 жылы 15-ші сәуірге қараған түнде Атлант мұхиты арқылы жүзіп бара жатқан «Титаник» кемесі мұзтауға соғылып, батып кеткен. Бұл апатта 1,5 мың адам суға кетті.

Хабарламаларға жазылу