Қазақ халқы үшін тойдың алар орны ерекше. Кез келген қуаныштың өзін сән-салтанатына қарай жарасымды атап өтуге дағдыланған қазақ тойдың қызықты да әсерлі болуына ерекше мән берген.
Әсіресе, отау құрған жастардың қуанышына ортақтасу барысында неке тойына куә болғандар «Жар-жар» әнін айтпайынша, тойды бастамайды. Міне, сол «Жар-жардың» елге қалай таралғанын білесіз бе?
Осы ән 1959 жылы қазан айында жазылып, әлі күнге ел аузынан түспей келеді. Жұрт жүрегіне бірден жол тауып, үйлену тойларында үздіксіз орындалып келе жатқан әсем әнге – 55 жыл.
Бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда» осы әннің тарихы туралы айтылмақ.