Астанада «Балаларға жылу сыйла» ұранымен республикалық «Қамқоршы күні» акциясы өтеді. Бұл туралы «Бәйтерек» медиа орталығы хабарлады.
Бұл күннің мақсаты - қамқоршы жандарды қолдау, патронатты тәрбиешілерді елеп-ескеріп, бала асырап алған отбасыларға құрмет көрсету.
Астана қалалық білім беру басқармасының мәліметінше, бұл күні жетім және қамқоршысынан айырылған балаларды асырап алған 100 қамқоршының шеруі өтпек.
Акцияда психология, заңгерлік секілді түрлі тақырып бойынша қамқоршыларға кеңес беруге арналған ақпараттық алаң ұйымдастырылады.