Қазақстан мен Маврикий арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Маврикий арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды

21.10.2014
Қазақстан мен Маврикий арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды

15 қазанда Нью-Йорк қаласында Қазақстан және Маврикий Республикаларының БҰҰ маңындағы өкілдері Қайрат Әбдірахманов және Милан Джая Нямраджсингх Митарбха екі ел арасында дипломатиялық қатынастарды орнату туралы Бірлескен Коммюникеге қол қойды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Маврикий маңызды мәселелері бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

Тараптар экономикалық даму, туризм, қаржы, сауда, кен өндірісі, энергетика салаларда өзара тиімді байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы атап өтті.

Өзара ықпалдастықты нығайтудың алғаш қадамы ретінде Қазақстан мен Маврикий арасында Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау және Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдерге қол қою мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылды.

Сонымен қатар, Маврикий Үкіметіне ЕХРО-2017 халықаралық көрмеге қатысуға Қазақстан Республикасы атынан шақыру хат ұсынылды. 

Сурет: http://mfa.kz/

Хабарламаларға жазылу